Доллар бағамы 450 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

 Доллар бағамы 450 теңгеге дейін қымбаттады Фото: BAQ.KZ

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге қымбаттап, 450,25 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 сәуірдегі ресми бағамы долларға 449,86 теңгені құрайды. 

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448 теңге, сату – 452 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу