Доллар бағамы 471 теңгеден асты

503

19 қыркүйектегі доллар бағамы - 471,45 теңге.

Доллар бағамы 471 теңгеден асты Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы өсуі жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күнделікті сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге көтеріліп, 471,45 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 469,31 теңгені құрайды.

Kurs.kz хмәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 470,65 теңгені, сатылымы 473,30 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,95 теңгеден сатып алынып, 473,45 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу