Ақша айырбастау пунктерінде доллар 500-ден саудаланып жатқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, 3 сәуірдегі доллардың ресми бағамы – 503,05 теңге.
Дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 501,4 теңгені, ал сату бағамы 503,52 теңгені құрап отыр.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 499,6 теңгеден сатып алып, 505,6 теңгеден сатып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу