Доллар бағамы 500 теңгеден асты. Теңгенің жағдайы не болмақ?

186

Бүгінгі доллар бағамы – 497,89 теңге.

Доллар бағамы 500 теңгеден асты. Теңгенің жағдайы не болмақ? Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,88 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 497,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 525 — 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 501 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу