Доллар бағамы 6 теңгеге арзандады

690

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы құнсыздануы жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Доллар бағамы 6 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,73 теңгеге төмендеп, 443,57 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 сәуірдегі доллардың ресми бағамы 449,85 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,19 теңге, сату – 450,71 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 446,21 теңгеден сатып алынып, 449,06 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу