Доллар бағамы 7,5 теңгеге төмендеді

690

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 416,14 теңгеден сатып алынып, 419,59 теңгеден сатылуда.

Доллар бағамы 7,5 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,56 теңгеге арзандап, 416,91 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің бекіткен 24 мамырдағы доллардың ресми бағамы 424,84 теңге.  

Kurs.kz хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 417,64 теңге, сату – 422,44 теңге.  

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 416,14 теңгеден сатып алынып, 419,59 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу