Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 452,34 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 19-21 тамыздағы ресми бағамы долларға 461,71 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 452 теңге, сату – 454 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 454 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу