Доллар бағамы бүгін қалай құбылды

1577

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 515 теңге, сату – 519,89 теңге.

Доллар бағамы бүгін қалай құбылды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,07 теңгеге көтеріліп, 511,81 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 наурыздағы доллардың ресми бағамы 511,71 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 515 теңге, сату – 519,89 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 517,75 теңгеден сатып алынып, 519,89 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу