Доллар бағамы құлдырамау үшін Ұлттық Банк 110,5 млн АҚШ долларын сатып алған

3143

Мамыр айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды, деп хабарлады inbusiness.kz.

Доллар бағамы құлдырамау үшін Ұлттық Банк 110,5 млн АҚШ долларын сатып алған

"Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады", – деп хабарлаған бас банк ұлттық валютаның нығаюына әсер еткен факторларды атады.  

"Оның ішінде, энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі, ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар валюта нарығындағы ұсыныс көлемі мамырда, шамамен, 598 млн АҚШ долларын құраған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы есебінен қолдау тапты.

Бюджетке төленетін ірі салық төлемдерінің кезеңі және валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан едәуір асып түсті. 

"Өтімділікті қолдау және салық аптасы кезеңінде шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасындағы қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында Ұлттық Банк 110,5 млн АҚШ долларына шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды", – деп түсіндірді бас банкте. 

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін айдың басында 4 млн АҚШ доллары сатылды. Бұдан әрі трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау талап етілмеді.  

Инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтері үшін валюта нарығында 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынды.

Қорытындылай келе Ұлттық Банк қысқа мерзімді перспективаны атады. 

"Теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", – деп түсіндірді бас банкте. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу