Доллар бағамы қымбаттауда

Ақша айырбастау пунктері АҚШ валютасын 460 теңгеден сатып жатыр.

Доллар бағамы қымбаттауда Фото: yandex.kz

Қазақстан қор биржасындағы 19 сәуірдегі сауданың нәтижесінде доллар бағамы 451 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бір күн ішінде доллар бағамы 3,99 теңгеге қымбаттаса, бір айда 7,65 теңгеге төмендеді.

Еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар 453-455 теңгеден сатып алынып, 459-460 теңгеден сатылуда.

Сарапшылар теңге бағамының әлсіреуін мұнай бағасының арзандауымен байланыстыруда. 

Еске сала кетсек, 18 сәуірдегі сауданың нәтижесінде Brent маркалы мұнай бағасы төмендеп, барреліне 84,5 долларды (-0,4%) құрады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу