Доллар бағамы өзгеріссіз қалды

413

Ал 10 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді. 

Доллар бағамы өзгеріссіз қалды Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 477,21 теңге (+0,05) болды.

  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,45 теңге (+0,11) болды.
  • Еуро бағамын Ұлттық банк 502,45 теңге, рубльді 4,73 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477,5-479,5 теңге, еуро 504-507,5 теңге, ресей рублі 4,75-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

  • ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,05%-ға өсіп, барреліне 88,19 доллар болды.
  • NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,08%-ға өсіп, барреліне 86,45 доллар болды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу