Доллар бағамы сәл нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап нығайды. 

Доллар бағамы сәл нығайды Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 447,31 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы 446,79 теңгені құрайды.  

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 445 теңге, сату – 450 теңге.  

Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу