Доллар бағамы шамамен 10 теңгеге қымбаттады

681

Қазақстан қор биржасында күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Доллар бағамы шамамен 10 теңгеге қымбаттады

АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 9,46 теңгеге көтеріліп, 424,62 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банк 1 маусымда бекіткен доллардың ресми бағамы 414,67 теңгені құрайды.  

Kurs.kz хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 427теңге, сату – 433 теңге.  

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 426 теңгеден сатып алынып, 430 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу