Доллар бағамы шамамен 7 теңгеге қымбаттады

930

Қазақстан қор биржасыдағы мәмілелер орта есеппен 492,21 теңге шамасында жүргізілуде. 

Доллар бағамы шамамен 7 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Тәңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 6,68 теңгеге артып, 492,21 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 наурыздағы доллардың ресми бағамы 487,75 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, 2 наурыз Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 491,54 теңге, сату – 496,58 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 492,23 теңгеден сатып алынып, 495,72 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу