Доллар бағамы шамамен 9 теңгеге өсті

663

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі саудада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Доллар бағамы шамамен 9 теңгеге өсті

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 8,46 теңгеге өсіп, 477,24 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6-7 шілдеге белгілеген доллардың ресми бағамы 469,26 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, 16:00-де Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 475 теңге, сату – 480 теңге. 

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орташа есеппен 474 теңгеден сатып алынып, 477 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу