Доллар бағамы тағы 2,5 теңгеге арзандады

309

Бүгінгі доллар бағамы - 446,03 теңге.

Доллар бағамы тағы 2,5 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,43 теңгеге төмендеп, 446,03 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы долларға 448,61 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 446,23 теңгені, сатылымы 448,11 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 450,17 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу