Доллар бағамы тағы да өсті

1636

Геосаяси тұрақсыздық теңгеге жағымсыз әсер етуде. 

Доллар бағамы тағы да өсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда нәтижесінде доллар бағамы өсті, деп жазды inbusiness.kz. 

Сағат 11:00-дегі сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтының сағат 12:00-дегі деректеріне сүйенсек, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 437,01 теңге, сату – 438,72 теңге.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылуда.

Ұлттық банктің 23 ақпандағы доллардың ресми бағамы 433,39 теңге.

Еске сала кетсек, 22 ақпан Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты рубль күрт құлдырады. 

“Бұл теңгеге де қысым жасады”, – деп хабарлады Ұлттық банк.

Сонымен қатар бас банк 22 ақпан сауда барысында шамалы валюталық интервенция жүргізген. Оның көлемі $33 млн құрады, жалпы сауда көлемі $155 млн болса, бұл барлық сауданың шамамен 20%-ды құрайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу