Доллар бағамына тым қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ – Тимур Сүлейменов

184

Кейбір айырбастау пункттері көшедегі ақпараттық таблоларын алып үлгермеген. 

Доллар бағамына тым қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ – Тимур Сүлейменов Фото: malim.kz

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов валюта бағамына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, шет мемлекеттердің валютасына, соның ішінде доллар бағамына тым қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ.

Ұлттық банк басшысы жаңа ереже бойынша барлық айырбастау пункттері таблоларын алып үлгермегенін жеткізді. Оларға әзірге айыппұл салынбай, ескерту жасалып жатқан көрінеді. 

"Мен кейбір айырбастау орындарының ақпараттық таблоны әлі алмағанын өз көзіммен көрдім. Көшеде жүріп, суретке түсіріп, тиісті бөлімшелерге жолдадым. Бұл талап 9 қыркүйектен бастап күшіне енді", – деді Сүлейменов.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу