Доллар бағамының алдағы тағдыры белгілі болды

120

Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізеді. 

Доллар бағамының алдағы тағдыры белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Роман Склярдың сөзінше, келесі жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында доллар бағамы 540 теңге деп белгіленген. Құжатта мұнай бағасы пессимистік сценарий бойынша 60 доллар деп көрсетілген. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ұлттық банк үкіметке бағынбайтын дербес құрылым екенін атап өтті.

"Олар өздері қажет деп тапқан ақша-несие саясатын жүргізеді. Менің және әріптестерімнің болжамынша, доллар бағамы бәсеңдейді, қазіргідей деңгей көп тұрмайды. Біз осындай жағдайды бұған дейін бірнеше рет көрдік", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу