Доллар бағасы 500 теңгеге таяп қалды

117

Таңғы саудадағы доллар бағамы – 495,95 теңге.

Доллар бағасы 500 теңгеге таяп қалды Фото: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494– 499 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 524,37.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге. Еуро 522,5 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу