Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507,06 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 509,4 теңге. Еуро 522 – 527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506,3 теңге, сатып алу құны – 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.
ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76,9 долларды құрады.