Доллар бірден 6,5 теңгеге арзандады

547

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 442,52 теңгені құрап, 6,45 теңгеге арзандады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.  

Доллар бірден 6,5 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен сағат 12:00-де төмендеп, 65,41 теңгені (-0,40) құрады.
 
Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 491,86 теңге, рубль – 5,64 теңге.
 
Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-448 теңге, еуро 490-496 теңге, ресей рублі 5,45-5,65 теңге аралығында сатылуда.
 
Мұнайдың әлемдік бағасы 3 мамырда құлдырады.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 24 наурыздан бері алғаш рет 74 доллардан төмен түсіп, барреліне 73,56 долларға дейін 2,31%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу