Ұлттық банктің 25 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 517,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 543,11.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 522 теңге. Еуро 542-547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 518 теңге, сатып алу құны – 522,6 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,27 аралығында саудаланып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу