Ұлттық банктің 19 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 530,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 546,08.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530,35 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532,66 теңге. Еуро 545,07-549 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530,60 теңге, сатып алу құны – 533,6 теңге. Еуро 545,7 теңгеден сатылып, 549,4 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09-5,27 аралығында саудаланып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу