Ұлттық банктің 15 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,44 теңге. Еуро – 518,41.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 499 теңге. Еуро 525-520 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,37-5,51 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 14 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге төмендеп, 496,04 теңге болған.