Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

392

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді. 

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай Фото: aikyn.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 – 527 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,06 теңге. Еуро – 547,88.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 527,5 теңге. Еуро 547,5 – 554,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 520 теңге, сатып алу құны – 527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 – 5,13 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,80 теңге болған.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр. 

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу