Доллар индексі өсті

875

Ұлттық валюта құлдырай ма?  

Доллар индексі өсті

Әлемдегі маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі – бұл доллар индексі (DXY). Көрсеткіш АҚШ-тағы монетарлық шарттардың қатаңдауы аясында өсуін жалғастыруда, деп жазды inbusiness.kz экономист Ғалымжан Айтқазинның телеграм арнасына сілтеме жасап.  

"Долларға әлемдік сұраныстың өсуі алдағы уақытта АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының кірістілігі өсуі мүмкін деген болжамға байланысты. Бұл ретте, дамушы елдер үшін доллардың нығаюы жоғары тәуекел жағдайында капиталдың дамыған нарықтарға кетуін білдіреді.  Сондықтан теңге де дамушы нарықтардың басқа валюталары сияқты қысымға ұшырауы мүмкін", – деді сарапшы. 

Бұл ретте экономист теңгедегі активтердің тартымдылығын арттырудың бір жолы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені арттыруы деп есептейді. 

"Оның үстіне бұл елдегі инфляцияның үдеуімен күресуге көмектеседі. Ұлттық банктің инфляциялық күтулер бойынша соңғы сауалнамасында наурызда 11,4%-ға дейін күрт өсетіні көрсетілген", – деп жазды сарапшы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу