Доллар индексі төмендеді

1125

Нарыққа Ақ үй басшысының соңғы шешімі әсер етті. 

Доллар индексі төмендеді

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус пандемиясы салдарымен күреске қаражат бөлу туралы құжатқа қол қойғаннан кейін, доллар бағамы төмендеді. Доллардың негізгі алты валютаға қатысты индексі 0,2%-ға кеміп, 90,138 болды.
27 желтоқсанда Трамп экономиканы ынталандыру және мемлекеттік шығыстар туралы заң жобасына қол қойған болатын. Экономиканы ынталандыруға бөлінетін қаражат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге, әр жеке тұлғаға 600 доллардан үлестіруге, экономиканың бірқатар саласын, білім беру жүйесін, шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталмақ.

Daiwa Securities компаниясының сарапшысы Мицуо Имаидзумидің айтуынша, жаздың соңына қарай фунт пен еуроның долларға қатысты бағамы төмендеуі мүмкін.

"Трейдерлер қауесетке сүйеніп сатып алады, ал сатарда, керісінше, нақты деректерді есепке алады", –дейді ол.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу