Доллар индексі төмендеп жатыр

1507

Кей сарапшылар бұл динамика ұзаққа созылады деген пікірде.

Доллар индексі төмендеп жатыр Фото: rbc.ru

Сауда қорытындысы бойынша доллар әлсіреді. Бұған АҚШ билігі экономиканы ынталандыру үшін қаржы бөледі деген жаңалық пен коронавирусқа қарсы вакцина туралы соңғы деректер әсер етті. Құрама Штаттар валютасының индексі 0,2%-ға кеміп, 90,812 болды. 

Жақында АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин экономиканы ынталандыру үшін 916 млрд доллар бөлуді ұсынды. Бұған дейін 906 млрд доллар шығындалады деп хабарланған еді. 

Доллардың негізгі валюталарға қатысты бағамының төмендеуіне Британияның жаппай вакцинациялауды бастауы мен қауіпсіз активтерге деген сұраныстың өсуі себеп болып отыр. Еуро 0,36%-ға нығайып, 1,2145 долларға жетті. Юаньның құрлықтағы бағамы 0,07%-ға өсіп, 6,5262 доллар дейін көтерілді.

Кей сарапшылар доллар индексінің төмендеу динамикасы ұзаққа созылады деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу