Доллар қайта қымбаттап жатыр

674

Доллар қайта қымбаттап жатыр

Қор биржасында біраз уақыт әлсірегендей болған АҚШ валютасының бағамы қайта күш алып келеді, деп хабарлайды ktk.kz.

Қазір 1 доллардың құны – 319 теңге. Ал небәрі екі апта бұрын ол 311-ге дейін арзандаған. Соған қарағанда, теңгенің нығаюы осымен тоқтаған секілді. Өйткені АҚШ валютасының бағамы біртіндеп қайта өсіп жатыр.

Бар-жоғы бірер тәулікте 316, одан әрі 318, ал бүгін 319 теңге 5 тиын.  Ақпанда бірнеше мәрте нығайып қуантқан теңге мына кестеден байқалып тұрғандай, басқан ізімен кері шегініп жатыр.

Ал сарапшылар доллар бұдан да жоғары болады дейді. Өйткені мұнай бағасы қайта құлдырады. Бұған дейін 56 доллардан сатылған Brent маркалы қара алтынның бір баррелі бүгін 51 долларға түсіп кетті. Теңгенің ақпандағы нығаюына экспортерлердің салығы себеп болған. Қаржыгерлер де мұны уақытша өзгеріс дейді. Ал мұнай бағасы арзандағанымен, бұл жағдай жанармай құнына еш әсер етпейін деп тұр.

"Менің болжауымша, қара алтынның құны 40 долларға дейін түсуі мүмкін. Соның салдарынан теңге тағы әлсірейді. Бірақ қара алтын арзандап жатқанда, жанармайдың бағасы да түседі деп күтудің қажеті жоқ. Біздің нарық Ресейге байланған. Сол себепті алда көршілеріміз көлік отынын қымбаттатып жатса, біздегі бензин бағасы да артынша көтеріле түседі", – дейді экономикалық сарапшы Ғалым Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу