Бірнеше күн қатарынан арзандаған доллар Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша қайта қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
KASE-дегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,82 теңге болды. Бір күнде ол 0,36 пайыз өсті. Ал өткен жұмада доллар 447,22 теңгеге дейін арзандаған болатын.
Еуро 0,37 пайыз қымбаттап, 502,05 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы да 0,30 пайыз өсіп 67,2560 теңге болды.
Төрт валютаның ішінде тек рубль арзандады. Оның бағамы 0,34 пайыз төмендеп, 5,4613 теңге болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу