Доллар KASE-де нығайып келеді

153

Шетел валютасы соңғы бес сессия қатарынан нығайып жатыр. 

Доллар KASE-де нығайып келеді Фото: inbusiness.kz

Доллар индексі соңғы 12 айда рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының шолуында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE-де доллар Ұлттық Банктің валюталық интервенциялар жүргізуге дайындығы аясында үш күндік өсімді тоқтатты. Сәрсенбідегі сауда-саттық қорытындысына сәйкес валюта бағамы бір доллар үшін 492,22 теңгеге дейін төмендеді (-2,87 теңге).

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы елде тоқсан сайынғы салық кезеңінің басталуы қарсаңында бірқатар нарық ойыншылары шетел валютасын сатудың тартымды бағамын пайдалана отырып, алдын ала айырбастай алатынын жоққа шығармайды. Сауда-саттықтың артуы аясында осындай болжам жасауға болады – 298,6 млн доллар (+45,1 млн).

Осы айда үшінші тоқсандағы бірқатар маңызды салықтар төленіп жатқаны да айтылды. 25 қарашада рента салығы, жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдері, корпоративтік табыс салығы, тау-кен салығы және қосымша құн салығын төлеу мерзімі аяқталады.

14 қарашада USD/KZT бағамы бір доллар үшін 491,64 теңге деңгейінде саудаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу