Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы тағы құлдырап, доллар құны одан сайын шарықтай түсті. Кеше ғана 321 теңгеге күрт өскен Құрама Штаттар валютасы ақша айырбастау бөлімшелерінде бүгін 325 теңге шамасында саудалануда. Ал кейбір пунктерде тіпті 328 теңгеге жеткен. Айта кетейік, Ұлттық қор биржасының 20 маусымдағы күндізгі сессиясында доллар құны 322 теңге болған еді. Ал Брент маркалы мұнайы кеше барреліне 45 доллар 5 центке дейін арзандаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу