Доллар күрт арзандап кетті

141

Ұлттық банктің 11 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 510,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге. Еуро – 527,29.

Доллар күрт арзандап кетті Фото: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 – 514 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банктің 11 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 510,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге. Еуро – 527,29.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 512,5 теңге. Еуро 525 – 529,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 10 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,10 теңгеге төмендеп, 509,91 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу