Доллар қымбаттамайды

847

Доллар қымбаттамайды

Қазақстан қор биржасы қаржы нарығындағы ақша саудасы 56,2 пайызға азайғанын мәлімдеді. Өткен айда айналымға шыққан қаржының жалпы көлемі 7 триллион 812 миллиард теңге мөлшерінде болды. Маусым айындағы көрсеткіш 17 триллионға жуықтайды. Ал валюта айырбас бөлігіндегі ақша алмастыру процесстері 84,2 пайызға төмендеп кеткен. Әсіресе доллармен жүргізілген сауда кеміген. Осы ретте қор биржасының мамандары дүйім жұрттың девальвация болады деп дабыл қағуы бекер дейді. Тіпті теңгеміз тұрақтала түседі деп болжауда олар. Өйткені мұнайға тікелей байланысты төл валютамыз, шикізаттың қымбаттауының арқасында нығаюы мүмкін деген пікірде. Ал ресей рублі бізге айтарлықтай әсер етпеуі керек.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары:

"Ресейге қарсы санкциялары салынатыны әу баста белгілі болды. Оны Ресейде білді. Санкция салқыны сәйкесінше бізге де әсер етті. Алайда көрші елдің азаматтары ажиотаж жасамады. Тек біздегі жұрт жаппай айырбас пунктеріне ағылды. Қазір көріп отырмыз мұнай бағасы барреліне артып келеді. Теңге де тұрақталуда".

Сондай ақ, биржа мамандары өткен айда бірқатар компаниялардың акциялары өскенін айтады. Мәселен Қазминералс компаниясының акциялары 42 пайызға артқан. "Қазмұнайгаз", "Қазақтелеком", "ЦентрКредит банк" Кселл компанияларының да құнды қағаздары артты. Тек Кегок және Қазтрансойлдың акциялары 0,4 және 1,2 пайызға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу