Консалтингтік және аудиторлық PwC компаниясы мен UBS банкінің зерттеулеріне сәйкес, 2015 жылы әлемдегі доллар миллардерлерінің саны 50 адамға артып, 1397-ге жетті.
Алайда, олардың қаржысы азайған. Аталған көрсеткіш 20 жылда алғаш рет 300 млрд-қа кеміп, 5,1 трлн болды. Еуропа, АҚШ пен Азиядағы байлардың саны 113 адамға артты. 80 адам осы атақтан айырылды. Ең көп доллар миллардерлері АҚШ-та тұрады (538 адам). Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 адамға артық. Еуропадағы байлардың саны 12 адамға артып, 339 болды.
Baq.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу