Доллар сауданы 324 теңгемен тәмамдады

854

Доллар сауданы 324 теңгемен тәмамдады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 324,18 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 38 600 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 347,01 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 5500 мың еуро;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4971  теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 323,96 теңгені (-0,66 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 78 100 мың (-25 900 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,1095 % құрады, сауда-саттық көлемі 6 700  мың USD болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,5627 % құрады, сауда-саттық көлемі 730 300 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу