Доллар шамамен 3 теңгеге арзандады

468

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап

Доллар шамамен 3 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,93 теңгеге төмендеп, 449,33 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы долларға 452,51 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 449,42 теңге, сату – 452,46 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,86 теңгеден сатып алынып, 451,89 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу