Доллар шамамен 5 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Доллар шамамен 5 теңгеге арзандады Фото: egemen.kz

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 4,70 теңгеге төмендеп, 461,97 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы - 466,98 теңге. 

Kurs.kz дерегінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463 теңге, сату – 468 теңге.  Астананың ақша айырбастау орындарында валюта орта есеппен 464 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу