Доллар шамамен 6 теңгеге қымбаттады

636

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Доллар шамамен 6 теңгеге қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 5,79 теңгеге қымбаттап, 454,11 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 маусымға бнкіткен доллардың ресми бағамы 447,93 теңге.  

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 453,37 теңге, сату – 458,27 теңге.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 452,76 теңгеден сатып алынып, 455,2 теңгеден сатылуда.

Айта кететіні, теңгенің бұлай құбылуы соңғы тәулікте 4%-ға арзандаған мұнай бағасына байланысты. Бұған қарамастан Ресей рубльі керісінше нығая бастады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу