Доллар тағы да төмендей бастады

557

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сүйенсек, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Доллар тағы да төмендей бастады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,37 теңгеге төмендеп, 429,41 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 маусымдағы доллардың ресми бағамы 431,88 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, сағат 16:20-да Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 430,70 теңге, сату – 434,18 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 420,79 теңгеден сатып алынып, 432,02 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу