Доллар қайтадан қымбаттай бастады. КАСЕ Қор биржасының 5 қыркүйектегі таңғы сессиясында оның орташа құны 340 теңге 30 тиынды құрады. Салыстыратын болсақ бір күн бұрын ғана АҚШ валютасы 337 теңге 35 тиын болған еді. КАСЕ ақпаратына сүйенсек бүгінгі таңғы саудада 160 млн 250 мың доллар сатылып, 271 келісім жасалған. Ал сауда алаңындағы оның максималды бағамы 340 теңге 98 тиынға жеткен. Қазір Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 343 теңгеге, Алматыда 342 теңгеге сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу