Ұлттық банктің 9 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 530,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 514,5 теңге. Еуро 530-535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 510 теңге, сатып алу құны – 516 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,23-5,31 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 511,01 теңге болған.