Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514-521 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 517 теңге. Еуро 581-589 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 521 теңге, сатып алу құны – 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10-6,20 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 514,94 теңге болған.