Доллардың бүгінгі бағамы қандай

169

Ұлттық банктің 19 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 521,9 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,39 теңге. Еуро – 593,5.

Доллардың бүгінгі бағамы қандай	    Фото: Pixabay

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 519-526 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 522 теңге. Еуро 591 – 597 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 526 теңге, сатып алу құны – 519 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 596 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 - 6,45 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 18 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 521,90 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу