Доллардың бүгінгі бағамы қандай

194

Ұлттық банктің 26 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,24 теңге. Еуро – 584,82.

Доллардың бүгінгі бағамы қандай Фото: pixabay.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 – 519 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 515,5 теңге. Еуро 584 – 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 519 теңге, сатып алу құны – 513 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 589 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06–6,19 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 25 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 515,03 теңге болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу