Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

263

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500-506 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды  Фото: istockphoto.com

Ұлттық банктің 15 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 505,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,89 теңге. Еуро – 550,31.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500 теңге. Еуро 542-548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506 теңге, сатып алу құны – 500 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,70-5,85 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,13 теңгеге қымбаттап, 504,72 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу