Доллардың бағамы 1 теңгеге нығая түсті

745

Доллардың бағамы 1 теңгеге нығая түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 332,05 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 44 900 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша  мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық  жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір рубльге 5,5744 теңгені құрады, сауда-саттық  көлемі 52 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,87 теңгені (+0,79 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 75 050 мың (-33 950 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +8,1429 % құрады, сауда-саттық көлемі 7 000 мың USD болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық  +6,4377 %  құрады, сауда-саттық көлемі 729 700 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу