Доллардың бағамы 7 айда минимумға дейін төмендеді

497

​Бұл 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Доллардың бағамы 7 айда минимумға дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудада АҚШ валютасының теңгеге шаққандағы бағамы 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге жетті.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 447,29 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы долларға 451,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447 теңге, сату – 451 теңге.  

Астананың ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 447 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу