Доллардың бағамы тағы да өсті

571

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz

Доллардың бағамы тағы да өсті

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,03 теңгеге өсіп, 434,51 теңгені құрады. 

Ұлттық банктің 9 маусымға бекіткен доллардың ресми бағамы 433,45 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, сағат 16:00-де Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 434,35 теңге, сату – 439,04 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 432, 98 теңгеден сатып алынып, 436,09 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу